Ауа райы
Астана 16 °С
Алматы 15 °С
валюта бағамы
USD 310.70
EUR 348.20
RUB 5.49
CNY 45.10

Қарағанды облысы әкімінің орынбасары ауысты

Қарағанды облысы әкімінің орынбасары ауысты
2017 жылғы 15 мамыр 17:51 516

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысы әкімінің энергетика, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және ТЖ мәселелері бойынша орынбасары қызметіне осыған дейін Саран қаласының әкімі лауазымында болған Анатолий Шкарупа тағайындалды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«ҚР Президент Әкімшілігінің келісімімен менің жарлығым бойынша Ляпунов Андрей басқа жұмысқа ауысуына байланысты қызметінен босатылды. Өздеріңіз білесіздер, Андрей Ляпунов екі жылдан астам уақыт бойы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және ТЖ мәселелеріне жетекшілік етті. Ол өзін облысымыздың ең күрмеулі салаларын тамаша білетін білікті маман ретінде көрсете білді», - деді Ерлан Қошанов.

Жедел әрі дер кезінде атқарылған іс-әрекеттердің арқасында Қарағанды облысында көктемгі су тасқынының қиындықтарын азайтуға мүмкіндік туды деп атап өтті облыс әкімі. Ерлан Қошанов Андрей Ляпуновқа атқарған жұмыстары үшін алғысын білдіріп, облыс әкімінің Құрмет грамотасын табыс етті.

«ҚР Президенті Әкімшілігінің келісімімен менің өкімімен облыс әкімі орынбасары қызметіне Шкарупа Анатолий Валерий ұлы тағайындалды», - деді облыс әкімі.

Ол жаңа орынбасар алдына аймағымыздың келесі жылғы жылыту маусымына дайындығы және ТЖ-дың алдын алу бойынша бірнеше міндеттер қойды.

А. Шкарупа 1975 жылы Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданының Есік қаласында дүниеге келген. Жоғары білімі бар. Алматы энергетика және байланыс институтын тәмамдаған. Мамандығы бойынша инженер-экономист.

 

Пікір қалдыру

Соңғы Пiкiрлер