Қарағанды облыстық Тексеру комиссиясына жаңа төраға сайланды

None
None
 АСТАНА. ҚазАқпарат - Қарағанды облысы бойынша Тексеру комиссиясының төрағасы лауазымына 52 жасар Аян Әбдікәрімов сайланды, деп хабарлайды өңір басшысының ресми сайты.

Сайлау облыстық мәслихаттың ХІІ кезектен тыс сессиясында өтті. 

- Есеп комитетінің ұсынысы бойынша және ҚР Президенті Әкімшілігінің келісіміне сай Қарағанды облысы бойынша Тексеру комитетінің төрағасы лауазымына Әбдікәрімов Аян Болатұлының кандидатурасын ұсынуға рұқсат етіңіздер, - деді сессия барысында облыстық мәслихат хатшысы Серік Өтешов. 

 Депутаттар үміткерді бірауыздан құптады. Осыған дейін Аян Әбдікәрімов облыстық тексеру комиссиясының мүшесі болған. 

Естеріңізге сала кетейік, облыстық Тексеру комиссиясының бұрынғы төрағасы Серік Өтешов 29 қазанда өткен сайлауда облыстық мәслихат депутаты болып сайланды. Соңыра өкілдік билік органын басқарды. 

Аян Әбдікәрімов 2011-ші жылдың 14 қыркүйегінен бастап осы уақытқа дейін Қарағанды облысы бойынша Тексеру комиссиясының мүшесі қызметін атқарып келді.  

Соңғы жаңалықтар