Ауа райы
Астана 10 °С
Алматы 18 °С
валюта бағамы
USD 312.74
EUR 334.73
RUB 5.56
CNY 45.43

Қарағанды мешіттері су тасқынынан зардап шеккендерге көмек жинайтынын хабарлады

Қарағанды мешіттері су тасқынынан зардап шеккендерге көмек жинайтынын хабарлады
2017 жылғы 21 сәуір 17:58 156

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысының мешіттері су тасқынынан зардап шеккендерге гуманитарлық көмек жинайтынын айтты, деп хабарлады «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Өңірдің кез келген мешітіне ақша, заттар, азық-түлік, киімдер түрінде көмек әкеле беруге болады. Облыс бойынша «Зекет» корпоративтік қорының директоры Еркетай Жұматаев қайырымдылық көмек мешіттерде қалдырылмайтынын айтты.

Қарағанды мешіттері су тасқынынан зардап шеккендерге көмек жинайтынын хабарлады 

«Көмекті барлық кенттердегі мұқтаж жандарға жеткізіп отырамыз», - деді Еркебай Жұматаев. - жұма күнгі намазда қайырымдылық көмек жинайтынымыз жайлы дауыс зорайтқышпен хабарлаймыз».

Ауыл тұрғындары мүліктерге, төсек-орындарына мұқтаж. Себебі  эвакуациялаған кезде тұрмыстық заттарын үйлерінде қалдырған.

Еске салсақ, су тасқыны Қарағанды облысының барлық сегіз ауданына жайылды.  Төрт ауданда  (Бұқар жырау, Қарқаралы, Абай, Шет) табиғи сипаттағы төтенше жағдай режімі жарияланды. Су тасқыны елді мекендердің тіршілігіне зардабын тигізді.

Пікір қалдыру

Соңғы Пiкiрлер