Қарағанды мен Теміртаудағы монументтер «тіріліп» кетті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада VIII Халықаралық тау-кен металлургия конгресі өтіп жатыр. Конгрес аясында осы саладағы компаниялардың көрмесі ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Көрменің бір экспозициясында екі монументтің «тірі» көшірмесін орнатты. Мәселен, Қарағанды қаласындағы «Кеншілер даңқы» монументінің аналогында екі адамды қап-қара түске бояп, тас көмірді көтертіп қойған. Теміртау қаласындағы «Болат балқытушылар» монументін де екі адам бейнелеп тұр.

Айта кетейік, «Кеншілер даңқы» монументі 1974 жылы ашылған болатын. Ал Теміртаудағы «Болат балқытушылар» ескерткіші 2001 жылы тұғырға қондырылды.


Соңғы жаңалықтар