Қарағанды мен Теміртауда күштік құрылымдардың жаппай оқу-жаттығуы басталды

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Сәрсенбі, 22 қарашада Қарағанды мен Теміртауда ірі нысандар қоршауға алынып, көшелер жабылып, жаппай оқу-жаттығу басталды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Қарағанды облыстық терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабы баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, күрделі оқу-жаттығу әрекеттері Теміртаудағы «Металлург» стадионы мен Қарағандыдағы Теміржолшылар мәдениет үйінде өтеді.

Жедел топтар адамдардың көп жиналатын орындарында террористік сипаттағы қауіп-қатерлер орын алған жағдайда қолданылатын іс-әрекет дағдыларын меңгерді.

«Азаматтардың өткізіліп жатқан оқу-жаттығуға түсіністікпен қарап, тыныштық сақтап, жол қозғалысының бағытын алдын ала белгілеп, оқуға жұмылдырылған мамандардың заңды талаптарын орындауға шақырамыз», - деп хабарлады терроризмге қарсы күрес штабында. 

Соңғы жаңалықтар