Қарағанды мемлекеттік университетінде жетім студенттерге материалдық көмек берілді

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. 24 қараша. ҚазАқпарат /Валентина Елизарова/ - Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті ректорының бұйрығымен жетімдер қатарындағы студенттерге материалдық көмек бөлінді, деп хабарлайды жоғарғы оқу орнының баспасөз қызметі.

«Әлеуметтік көмек университеттің бюджеттен тыс қаржысынан көрсетілді. Мұндай қамқорлыққа 32 студент ие болды. Жалпы бөлінген сома шамамен 850 мың теңгені құрады», - деп атап өтті баспасөз қызметі.

Бүгін материалдық көмекке ие болған студенттер ҚарМУ ректоры Еркін Көбеевпен кездесті. Кездесуде оқу және тәрбиелік үдерістерге қатысты түрлі мәселелер әңгімеге арқау болды.

Тұрмысы төмен отбасыларынан шыққан студенттерге қолдау көрсету - университеттің білім беру саясатының бір бөлігі, дейді жоғары оқу орнының баспасөз қызметі.

Соңғы жаңалықтар