Қарағанды мектептерінде татуластыру қызметтері ашылды

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды қаласының мектептерінде даулы, жанжалды жайттарды шешуге арналған татуластыру қызметтері ашылды. 

Ілкі жоба екі білім мекемесінде іске қосылды, деп хабарлайды өңір әкімдігінің ресми сайты . 

Татуластыру қызметтерінің үйлестірушілері мектеп психологтары болады. Егер күрделірек жайттар кездессе, «Центр разрешения конфликтов - Диалог» ЖМ кәсіби медиаторлары көмекке келеді. 

Мектептерде медиация туралы стендтер орнатылды. Қазан айында педагогтар мен жоғары сынып оқушылары арасында медиация мәселелеріне қатысты бес семинар өтті. 

№ 86 ЖББМ-де оқушылардың бастамасымен сенім поштасы жұмыс істей бастады, оған анонимді түрде хат жолдауға болады. Ал № 2 лицей негізінде мектеп оқушыларына медиация саласын түсіндіру жұмыстары басталды.

Соңғы жаңалықтар