Қарағанды мектебінде 8-сынып оқушысы пышақпен жарақаттанды

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағандыда 8-сынып оқушысын пышақ жарақатымен мектептен ауруханаға жеткізілді, деп хабарлады ҚазАқпарат.

«27 қазанда сағат 12.20 «жедел жәрдем» Қарағандының № 1 ауруханасына 13 жастағы оқушысы жеткізілді. Ол пышақпен жарақаттанған. Оған дереу ота жасады. Қазір жан сақтау бөлімінде. Жағдайы ауыр, алайда тұрақты», - деді облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айжан Иса.

Облыстық ІІД баспасөз қызметінде хабарлағандай, күдіктіні тез ұстады.

«Аталған факт бойынша ҚР ҚК 106-бабы 1-бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Октябрь аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері 16 жастағы жасөспірімді ұстады. Ол кінәсын мойындады. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр», - деді облыстық ІІД баспасөз қызметінің басшысы Бақытжан Кудияров.

Оқыс оқиға № 34 орта мектепте орын алды. Жапа шеккеннің достары айтқандай, дәретхана бөлмесінде 8-сынып оқушысы мен колледж шәкірті арасында дау туған. Төбелес кезінде оқушы жарақаттанған. 

Соңғы жаңалықтар