Қарағанды кәсіпкерлері «Туған жер» бағдарламасы аясында 5 млрд теңге жинады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қарағандылық кәсіпкерлер «Туған жер» бағдарламасын жүзеге асыру аясында 5 миллиард теңге жинады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде баспасөз мәслихатын өткізген Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов мәлім етті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«Туған жер» бағдарламасы бойынша өңірімізде айтулы жұмыстар атқырылып жатыр. Біз 13 млрд теңге болатын 400-ден аса ірі әлеуметтік жобаларды іске асыруды бастадық. Оның 5 миллиардтан астамы жеке тұлғалардың үлесінде», - дейді облыс әкімі.

Ерлан Қошановтың айтуынша, «Шахтерск» деп аталатын шаруа қожалығының өкілдері өз ауылына 260 миллион теңге тұратын үлкен спорт кешенін өздері салып, мемлекетке тарту еткен.

«Мұндай мысалдарды облысымызда көптеп келтіруге болады. Дегенмен де, «Рухани жаңғыру» тек қана меценаттардан қаржы жинау ғана емес, ең бастысы ортақ мақсатқа әрбір қарағандылықтың белсенді түрде атсалысатынына сенімдіміз», - дейді Ерлан Қошанов.

Соңғы жаңалықтар