Қарағанды гимназиясындағы оқиғадан кейін оқушы мүгедек болып қалды

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат  - Қарағанды облысында мектеп қабырғасында термиялық күйік алған қыздың ата-анасы сот арқылы өтемақы өндіріп алды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Шет ауданындағы мектеп-гимназияда білім алатын оқушы қыз сыныпта қайнап тұрған суы бар шәйнекті үстіне құлатып алған. Ауыр күйік жарақаты бүйрек сырқатын тудырып, оның соңы мүгедектікке алып келген.

«Анықталғандай, күйік алған сәттен бастап қазірге дейін оқушы Астана, Алматы және Қарағанды облысының түрлі медициналық мекемелерінде жыл сайын ем алып келеді. Медициналық қызметтер мен басқа қалаларға бару айтарлықтай материалдық шығынды қажет етеді», - деп хабарлады Қарағанды облысы Шет аудандық сотынан.

Қыздың ата-анасы Жамбыл Ақылбаев атындағы эксперименталды мектеп-гимназиясының әкімшілігінен және «Шет аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінен залалды өтеп беруді талап етіп, сотқа арызданған.

«Сот мұғалімдер жас баланың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша міндеттерді тиісті деңгейде атқармады деп тапты», - деп мәлім етті соттан.

Сот арызданушының материалдық талаптарын заңды деп ұйғарды.

 

Соңғы жаңалықтар