«Қарағанды-Астана» тас жолында 50-ге жуық көлік кептелісте қалды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ауа райының күрт құбылуына байланысты «Қарағанды - Астана» тас жолында 50-ге жуық көлік кептелісте қалды, деп хабарлайды Қарағанды облысы ІІД баспасөз қызметінің өкілі Бақытжан Құдияровқа сілтеме жасап.

«Ауа райының күрт өзгеруіне байланысты «Қарағанды-Астана» тас жолының Осакаровка маңайында көліктердің кептелісі пайда болды. Шамамен 20 жүк көлігі мен 30-дан астам жеңіл автокөлік кептелісте қалған. Сондай-ақ, оқиға орнында жеңіл-желпі жол-көлік оқиғалары тіркеліп отыр. Зардап шеккендер жоқ», - деп хабарлайды Бақытжан Құдияров.

Қарағанды облысы ІІД баспасөз қызметінің өкілі хабарлағандай, қазіргі уақытта оқиға орнында Жергілікті полиция мен Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері жұмыс жүргізіп жатыр.

Соңғы жаңалықтар