Қара қылды қақ жарған билер қазіргі судьяларға үлгі - профессор

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облыстық соты мен Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті бірлесіп, «Қазақ даласының билер соты - егеменді еліміздің сот-құқықтық жүйесінің негізі» атты ғылыми-практикалық конференциясын өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Университет ғимаратында ұйымдастырылған шараға облыс әкімінің орынбасары Айна Мысырәлімова, Жоғарғы соттың судьясы, Жоғарғы сот кеңесінің мүшесі Әділ Құрықбаев, ғалымдар мен құқық қорғау саласының басшылары, қоғамдық ұйымдардың өкілдері қатысты.

Ғылыми-практикалық конференцияда Жоғарғы соттың судьясы Әділ Құрықбаев Жоғарғы сот төрағасы Қайрат Мәмидің құттықтау хатын оқып берді. Облыс әкімінің орынбасары Айна Мысырәлімова Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында көтерілген бастамаларды жүзеге асыру бағытында Ақмола облысында да көптеген іс-шаралар өткізіліп, нақты жұмыстар атқарылып жатқанын айта келе, бүгінгі өткізіліп отырған конференция да рухани жаңғыруға үн қосқан маңызды шара болатынына сенім білдірді.

Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің ректоры, техника ғылымдарының докторы, профессор Әбдімүтәліп Әбжаппаров «Қазақтың би-шешендері қайталанбас тарихи тұлғалар. Қазақтан басқа бір де бір халықта ел өмірінің барлық қырларына араласатын қазақ билері сияқты тұлғалар болмаған. Қара қылды қақ жарған қазақ билерінің билігі қазіргі судьяларға үлгі», деп атап өтті.

Сонымен қатар, облыстық соттың төрағасы Досжан Әміровтің «Билер соты - тәуелсіз еліміздің сот-құқықтық жүйесінің негізі» атты баяндамасы тыңдалды. 

Соңғы жаңалықтар