Қара алтын бағасы қымбаттады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Лондон және Нью-Йорк шикізат биржаларындағы сейсенбі күнгі сауда-саттықта мұнай бағасы көтерілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Лондонның ICE Futures биржасында ақпан айында жеткізілетін Brent маркалы мұнай фьючерстері 0,41 долларға қымбаттап, бір баррель мұнайдың бағасы 62,86 долларды құрады.

Нью-Йорк тауар биржасында (NYMEX) WTI маркалы мұнайдың қаңтар айында жеткізілетін фьючерстері 0,15 долларға қымбаттап, бір баррельдің бағасы 57,62 доллар болды.

 

Соңғы жаңалықтар