Қара алтын бағасы 70 доллардан асты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Лондон және Нью-Йорк шикізат биржаларындағы дүйсенбі күнгі сауда-саттықта мұнай бағасы айтарлықтай көтерілді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Лондонның ICE Futures биржасында наурыз айында жеткізілетін Brent маркалы мұнай фьючерстері 0,39 долларға дейін қымбаттап, бір баррель мұнайдың бағасы 70,26 долларға жетті.

Нью-Йорк тауар биржасында (NYMEX) 15 қаңтар күні АҚШ-та жыл сайын қаңтардың үшінші дүйсенбісінде тойланатын федеральдық мейрам - Мартинг Лютер Кингті еске алу күніне орай сауда-саттық жүргізілмеді.

Соңғы жаңалықтар