Қар құрсауында қалған 40 адам құтқарылды

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысында қар құрсауында қалған 40 адам құтқарылды. Абырой болғанда үсік шалғандар мен зардап шеккендер жоқ, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

31 қаңтар күні  Қапал ауылының №29 Өрт сөндіру бекетінің кезекшілік бөліміне хабарлама түскен. Қарлы боранда қалған жолаушыларға дереу түрде Алматы облысы ТЖД Жедел құтқару жасағының 5 құтқарушысы және 1 Нефаз автокөлігі шықты.
Олар Қапал - Талдықорған тас жолының бойында қалған жолаушыларға дер кезінде көмек көрсетті. 40 адам және 14 автокөлік қар құрсауынан шығарылды.  

null null  

Соңғы жаңалықтар