Қар барысы сыры ашылмаған жұмбақ жыртқыш - Логинов

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қар барысын қорғауға байланысты клубтың Өскеменде жұмыс жасап жатқанына 25 жылдай уақыт болды. Осыған орай клубты ұйымдастырушыларының бірі Олег Логинов қала жастарымен кездесті, деп хабарлайды altaynews. 

Олег Витальевич  студенттер мен оқушыларды аңызбен елітіп, өзара пікір алмасуға шақырды. Табиғат жанашыры өзінің қар барысына арналған кітабына енген  «Киелі таудағы рухтар» атты аңызды нақышына келтіре айтып берді.  Аңыз бойынша «Мұзтаудың бауырын  қар барысының қайырымды рухы  шарлап жүреді-мыс. Сол кәрі де ақылды қар барысы адасып кеткен альпинстер мен саяхатшыларға, қиындыққа тап болған адамдарға, оның ішінде тек ақ ниетті адамдарға көмектеседі екен. Жол көрсетіп,бағыт сілтейтін көрінеді».

«Қар барысы өте жыртқыш болғанмен, ешқашан өз бетімен адамға тиіспейді. Дегенмен ол кез-келген ірі аңдарды жеңе алады. Ол әлі күнге дейін сыры ашылмаған жұмбақ жыртқыш. Көптеген халық оны киелі деп санайды,сондықтан үлкен құрметпен қарайды,-деді Олег Логинов.

Мұзтаудың құздарында сирек кездесетін өсімдіктер де,аң құстар да жетерлік. Солардың бірі осы қар барысы.

«Біздің мақсатымыз қоғамда қар барысына деген құрметті қалыптастырып, оның адамзат үшін ешқандай зиянсыз екенін насихаттау, оны қорғауға шақыру» - деді Олег Логинов.

Соңғы жаңалықтар