Қапшағайда түнгі клубтың түгі қалмай өртеніп кетті

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат -  Қапшағайда түнгі клуб өртенді. Қызыл жалын 400 шаршы метр жерді шарпыған. Ал ғимараттың өртеніп жатқандығы жөнінде ақпарат бүгін түнгі сағат он екіден 50 минут кеткенде төтеншеліктерге  түскен, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алапат өртті сөндіруге тіпті Алматыдан да мамандар тартылды. Мегополистен екі арнайы техника және 9 өрт сөндіруші келді, Алматы облысының ТЖД-ның 6 техникасысы мен 30 маманы тілсіз жаумен арпалысты. Тек түнгі сағат 03:45-те өрт толық ауыздықталды.

«Өртенген ғимараттың бірінші қабатында автобөлшектер сатылатын дүкен болған. Ал екінші қабатында «Рай» түнгі клубы орналасқан. Абырой болғанда зардап шеккендер жоқ», - деді облыстық ТЖД баспасөз қызметінің өкілі Азамат Жұртбаев. Мамандар бірінші кезекте өрттің жайылуына жол бермеді. Себебі, өртке оранған ғимараттың жанында дәмхана, дүкен және дәріхана болған.

г.Капшагай Большой магазин запчастей и караоке бар. #Алматы #Астана #Караганда #Шымкент #Туркестан #Жетысай #Сарыагаш #Актобе #Атырау #Павлодар #Тараз #Кызылорда #Семей #Кокшетау #Темиртау #Жезказган #Балхаш #Талдыкорган #Костанай #Орал #Петропавл #Оскемен #Актау #kris_p_almaty #🇰🇿 #kz #kaz #qaz

A post shared by @kris_p_almaty official 🇰🇿🚔🔝 (@kris_p_almaty) on Jan 2, 2018 at 11:13pm PST

Соңғы жаңалықтар