Қапшағайда мәдениет үйі мен спорт сарайы жоқ

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысындағы Қапшағай қаласында  мәдениет үйі мен спорт сарайы жоқ. Қазір  шаһарда әкімдіктің мәжіліс залы мәдени шараларды өткізетін орынға айналған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қапшағай қаласының әкімі Талғат Қайнарбеков бұл олқылықты жою үшін шаһарға мәдениет үйі мен спорт сарайы салынатынын мәлім етті. Оның сөзінше, 400 орынға арналған мәдениет сарайының жобалық-сметалық құжаты дайындалуда. Сонымен қатар,  спорт сарайының құрылысын жүргізу жоспарланған. Ал аталған жобаның жобалық-сметалық құжаты наурыз айында дайын болады.

Жалпы Қапшағайда  балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт мектебінде 1488 жас спортшы спорттың 18 түрімен айналысады. Сонымен қатар, үйлердің ауласында шағын футбол түріне арналған бірнеше алаң және жаттығу орындары салынған.

Соңғы жаңалықтар