Қапшағайда 4 бала иіс тиіп, ауруханаға түсті

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Қапшағай қаласында 4 бала иіс тиіп уланды деген болжаммен ауруханаға жатқызылды. Олар 2003-2006 жылдар аралығында туған балалар, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жасөспірімдер Қапшағай қаласына қарасты Қосқұдық станциясында тұратын бір отбасының мүшелері болып шықты. Олар түнде шырт ұйқыда жатқан кезде қатты отынмен жылытылатын пештің ақауынан уланған. Дәлірек айтқанда мұржаның бітелуі себеп болған, дейді мамандар.

Қазіргі таңда иіс тиген балалардың жағдайы орташа-тұрақты. Олар дәрігерлердің бақылауында.

Соңғы жаңалықтар