Қапшағай қаласының əкімі БАҚ өкілдерін құттықтады

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН.ҚазАқпарат - Алматы облысындағы Қапшағай қаласының əкімі Талғат Қайнарбеков журналистер күні қарсаңында БАҚ өкілдерін кəсіби мерекесімен құттықтады. Республикалық жəне облыстық телеарна, газет тілшілерін алғыс хаттармен марапаттап, құрмет көрсетті, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

null

Шара барысында мереке иелері Қапшағай қаласының аумағында жүзеге асып жатқан бірқатар жобалармен танысты. Соның ішінде баламалы қуат көздерін өндіруге арналған  бірегей кешен  де бар. Күн электрстанциясының қуаттылығы 2 МВт. Болашақта  күн нұрына бай өлкеде қуаттылықты 200мвт-қа дейін жеткізу жоспарлануда. Бұл кезең-кезеңмен жүзеге асатын болады. Сондай-ақ шаһар басшылығы  журналистерді Қапшағай көлімен кемемен қыдыртты. Бүгінде бұл аймақта туризм саласы қарқынды дамуда. 150-ге жуық демалыс орындары жұмыс істеп тұр. Былтыр 325 мыңнан астам  турист көлдің жағасында демалған. Оларға 345 млн теңгенің қызметі көрсетілген.

null

"Биыл демалушылардың саны екі есеге артады деген үміттеміз. Қазір Алматы-Талдықорған тас жолы жасалды. Шомылу маусымы басталғаннан бері келушілердің  қарасы қалың", - дейді  қалалық туризм жəне спорт бөлімінің басшысы Наталья Носова.

null

Қазір Қапшағайда  қарапайым халыққа арналған қалалық жағажай жасалып  жатыр.

null

"Жағажай заман талабына сай болады. Ол жерде жарықтандырылған жол, жуынатын, киінетін жерлер сияқты көптеген  дүниелер  қарастырылған. Қазір екі жағажайдың құрылысы жүріп жатыр", - деді Н. Носова.  Ал жобаға сəйкес  болашақта олардың  саны бесеуге дейін жетеді.

null

Соңғы жаңалықтар