Қапшағай қаласының 100 гектар алма бағы алғашқы өнімін береді

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Қапшағай қаласына қарасты Шеңгелді ауылының маңындағы алма бақ биыл алғашқы өнімін береді. 2011 жылы салынған интенсивті бақтың аумағы 100 га, -деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.  

null

Тамшылатып суару әдісін қолданатын шаруашылық шамамен әр гектарынан 5-7 тоннаға дейін алма жинауды жоспарлап отыр. Бұл жерде алманың «голден делишес», «старкримсон», «заря алатау» сорттары өсірілуде. Кәсіпорын алғашқы өнімін Алматы қаласының сауда орындарына өткізбек. Бұл жобаға 2 млрд теңге инвестиция тартылды.

null

Сондай-ақ осы «НұрАгро» агрофирмасы 103 гектар аумаққа пияз өсіріп жатыр. Пияз алқабы да тамшылатып суарылады. Шаруашылық басшысы Қасымжан Жанұзақовтың айтуынша, тамшылатып суару әдісімен мол өнімге қол жеткізіп отыр. Пияз негізінен Ресей және Украинаға экспортталады.

nullnull

Соңғы жаңалықтар