Капотқа секіріп шыққан әйел көлігін ұрылардан аман алып қалды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ-тағы Милуоки қаласында Мелисса Смит есімді жергілікті тұрғын жанармай құятын стансада машинасын айдап әкетпек болған ұрылардан көлігін аман алып қалды.

Қарақшылар әйелдің автомобильден шыққан кезде кілтті оталдыру тетігінде қалдырып кеткен сәтін пайдаланған.

Мелиссаның сөзіне қарағанда,  ол  автомобильдің құны есіне түскен сәтте машина капотына қалай секіріп шыққанын да білмей қалған. Қарақшы көлікті әрі-бері бұрып оны түсіріп тастамаққа әрекеттенгенімен түк шығара алмаған соң  тастай қашқан. Бірақ салонда қалған әмиянды және ұялы телефонды жымқырып үлгерген. 

Соңғы жаңалықтар