Қаңтардағы аяздар көмір түсіру кестесіне кедергі келтірді - Энергетика министрі

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат  - Қазақстанда 2017 жылы тұрмыстық-коммуналдық қажеттіліктер үшін 12,5 млн тонна көмір түсірілді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Екібастұзда өткен кеңесте ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаев 2017 жылы Қазақстанда оның алдыңғы жылмен салыстырғанда көмір 8,3 пайызға артық өндірілгенін айтты. Тұрмыстық-коммуналдық мақсатта  республика бойынша 12,5 млн тонна көмір түсірілді.

Бозымбаевтың айтуынша, елімізде көмір өндірісінің көлемі ұлғайып келеді. Ол сонымен қатар, қаңтардағы қатты аяздар көмір түсіру кестесіне кедергі келтіргенін жеткізді.

Алматыдағы бірқатар елді мекендер мен теміржол тұйықтарында, ШҚО, Алматы, Жамбыл облыстарында көмір тапшылығы байқалды.

«Көмірмен қамтамасыз ету мәселесі жергілікті басқару органдарының құзырында», - деді Энергетика министрі.

null 

Соңғы жаңалықтар