Қаңтар-ақпанда Қазақстанда ет өндіру көлемі 12,4 пайызға артты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда 2018 жылдың қаңтар-ақпан айларында ет өндіру көлемі 41 011 тоннаға жетті, бұл 2017 жылдың аталған мерзіміндегіден 12,4 пайызға көбірек, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитетіне сілтеме жасап.

Есепті кезеңде 85 497 тонна сүт өндірілген (өндіріс көлемі өткен жылдың қаңтар-ақпан айларымен салыстырғанда 13,6 пайызға артқан), ұн көлемі - 728 083 тонна (+21,3 пайыз), нан - 125 647 тонна (+6,1 пайыз).

Соңғы жаңалықтар