Канн кинофестивалі: «Аруақ» фильмі италиялық кинопродюсердің назарына ілікті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 71-ші Канн кинофестивалінде Асанәлі Әшімов басты рөлді сомдаған «Аруақ» фильмінің таныстырылымы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі «Қазақфильм» киностудиясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Фильмді ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы түсірген. Кинотуынды Қазақстанның ұлттық павильонында таныстырылып, халықаралық кинофестивальдердің іріктеушілері мен дистрибуторларының қызығушылығын тудырды.

null«Мен павильонға қойылған қазақстандық кинотуындылардан ерекше әсер алдым. Әсіресе, қария мен жетім бала туралы баяндайтын «Аруақ» фильмін атап өткім келеді. Қазір біз қазақ әріптестерімізбен аталмыш фильмнің Италиядағы дистрибутциясы жөнінде келіссөздер жүргізіп жатырмыз, - деді италиялық кинопродюсер Флавио Донини.

nullРежиссер Қуат Ахметовтың «Аруақ» фильмі тағдырдың жазумен ұшырасқан қарт Ағатай мен жетім бала туралы баяндайды.

null«Идея авторы Асанәлі Әшімов. Ол 2014 жылы маған елден шалғай тұратын жалғыз басты қарт туралы фильм түсіруді ұсынды. Асанәлі ағаның ойы бойынша қария - дала философы, түрлі ғылымға қызығатын адам,  - деді фильмнің режиссері Қуат Ахметов.

nullФильм былтыр өндіріске жіберіліп, биыл көктемде аяқталған. Түсірілім жұмыстары Алматы облысындағы Іле өзені жағалауында өткен. Фильмнің сценарийін түркі елдерінің ертегілері мен аңыз-әңгімелері желісі бойынша Қуат Ахметов пен Одильша Агишев жазып шыққан.

 

Соңғы жаңалықтар