Канн фестиваліне қатысқан режиссер Ақтөбеден киностудия ашуды жоспарлап жүр

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбелік режиссер Марат Телеуов қысқа метражды «Волшебник» фильмімен Канн фестиваліне қатысты. Режиссер енді киностудия ашуды жоспарлап жүр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Режиссер Марат Телеуов Канн фестиваліне қатысу туралы арманына қол жеткізді. Әрі инвестор іздеп жүр. Екі жұмысты бір атқарған режиссер бір жылдық еңбегін үлкен фестиваль кезінде көрсетті. 2016 жылдың наурыз айында қысқаметражды фильм толық дайын болып, сәуір айында Канн фестиваліне жолданды. Канн фестивалінде жүлделі орынға ие бола алмаған режиссер 2018 жылға қайта шақырту алды. Бірақ әзірге кино түсірілген жоқ, режиссер биыл фестивальге қатыса алмайды.
null 

«Алдағы жылдары Канн фестиваліне тағы қатысамын. Бізде тәжірибе бар, мүмкіндіктерге жол ашылды. Негізінен «Волбшебник» фильмін түсінген операторлар, композитор тегін жұмыс істеді. Әуенін компизитор Асқар Шафи арнайы жазды. «АЮ СИНЕМА» киностудиясы өз құрал-жабдығын берді. Ал киноға түскен актерлардың 80 пайызы ақтөбелік жігіттер. Бәрі сәтті аяқталды. Жүлдегер боламыз деген үміт болғаны рас. Жеңіске қол жеткізе алмадық. Бірақ Қазақстан атынан барып, еліміз туралы айтып, танытуға мүмкіндік болды»,- деді режиссер Марат Телеуов.

Батыс көрерменін жан-жақты зерттеген режиссер драма түсіруді жоспарлап жүр. Ол алдағы уақытта 2500 жылды постапокалипсис жанрында түсірмек. Бірақ әзірге қаржы жоқ, инвесторлардан қолдау болмады.

«Инвесторлардан қолдау күтеміз. Мәдениет инвестициясыз дами алмайды. Ал Канн фестиваліне қатысқан соң Ақтөбе облыстық мәдениет басқармасынан хабарласты. Мен өз ұсынысымды айта келдім. Ақтөбеден киностудия ашуды жоспарлап жүрміз. Қолдау болмаса мен тұрғылықты жерімді ауыстырып, Ақтөбеден Алматыға біржола көшемін. Бірақ Ақтөбеде қалғым келеді»,- деді Марат Телеуов.

Айта кетейік, «Волшебник» фильмінде ақшадан маңызды заттар бар екені көрсетілген.

Идеяның негізгі авторы ақтөбелік актер Азамат Айнақұлов. Ал сценарийді Марат Телеуов жазды. Киноны Алматыда түсіріп, сол жақта монтаждаған режиссер келер жылы тағы фестивальға баруды жоспарлап отыр.

Соңғы жаңалықтар