«Канелоның» промоутері: Головкин нокаутқа түседі

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бокстан бұрынғы әлем чемпионы, Golden Boy компаниясының басшысы әрі Сауль Альварестің промоутері Оскар Де Ла Хойя оның клиенті мен Головкин арасындағы кезекті кездесу толық 12 раунд болмайтынына сенімді, деп хабарлайды Sports.kz.

«Айқас нағыз драма болады. Нокаут көретінімізге сенімдімін. Кепілдік бере алмаймын, бірақ нокаут болатынына сенемін. Маған мына нәрсе ұнап тұр, екі боксшы да бірінші жекпе-жектен кейін тісін қайрап жүр, өйткені екеуі де сол кезде жеңдім деп ойлаған. Оның үстіне екеуі де нокаут шебері болса, басқа қалай ойлау мүмкін?» - дейді Де Ла Хойя BoxingScene.com-ға берген сұхбатында.

Еске сала кетейік, Геннадий Головкин мен Сауль Альварестің арасындағы жекпе-жек 2018 жылғы 5 мамырда өтеді.

Соңғы жаңалықтар