«Канелоның» екінші жеңілісі біздің батырдан болады - Қанат Ислам

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат- Қазақстандық танымал кәсіпқой боксшы Қанат Ислам отандасы Геннадий Головкиннің алдағы жекпе-жегіне сәттілік тілеп, жеңісіне сенім білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Генаменің ағам! Гена елімнің мақтанышы! Гена əлемдік бокс жұлдызы! Жекпе-жегінде бауырыма сəттілік тілеймін. Бұл жолғы қарсылас оңай емес. Тəжірибелі де талантты боксшыларды ұтқан атақты «Канело». Бірақ мен GGG өз мақсатына жетпей қоймайтын намысты боксшы екенін білемін. Оны талай дəлелдеді. Жаттықтырушысы осы жолы да дұрыс тактика қойып, алғашқы раундта-ақ тізгінді Гена өз қолына алатынына күмəнім жоқ. Мейвезерден ұтылған Канелоның екінші жеңілісі біздің батырдан болады деп сенемін! Ел сенеді. Үміт артады. Көк туды желбірет, батыр!», -деп жазды Қанат Ислам Инстаграмдағы жеке парақшасында.

Айта кетейік, Головкин-Альварес жекпе-жегі 16 қыркүйеккүні АҚШ-тың Лас-Вегас қаласындағы «T-Mobile» аренада өтеді. Оны «Qazaqstan»және «Qazsport» телеарналары тікелей эфирден 17 қыркүйек күні (уақыт айырмашылығына байланысты) көрсетеді. Белгілі болғандай, Головкин мен Альварестің айқасы сағат 8.50-де басталады.

Гена менің ағам! Гена елімнің мақтанышы! Гена əлемдік бокс жұлдызы! Жекпе-жегінде бауырыма сəттілік тілеймін. Бұл жолғы қарсылас оңай емес. Тəжірибелі де талантты боксшыларды ұтқан атақты Канело. Бірақ мен GGG өз мақсатына жетпей қоймайтын намысты боксшы екенін білемін. Оны талай дəлелдеді. Жаттықтырушысы осы жолы да дұрыс тактика қойып, алғашқы раундта-ақ тізгінді Гена өз қолына алатынына күмəнім жоқ. Мейвезерден ұтылған Канелоның екінші жеңілісі біздің батырдан болады деп сенемін! Ел сенеді. Үміт артады. Көк туды желбірет, батыр!

Публикация от Kanat Islam / OFFICIAL PAGE (@islamkanat) Сен 15 2017 в 9:23 PDT

Соңғы жаңалықтар