«Канеломен» айқас №1 боксшыны анықтайды - Головкин

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (37-0, 33 КО) мексикалық Сауль Альвареспен (49-1-1, 34 КО) болатын алдағы жекпе-жек туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Sports.kz.

«Бұл айқас бокста кімнің нөмірі бірінші екендігін көрсетеді. 16 қыркүйек күні «Канело» - GGG жекпе-жегін RingTV.com сайтынан PPV онлайн қараңыздар. Big Drama Show», - деп жазды Головкин твиттерде.

Еске салайық, 16 қыркүйекте Геннадий Головкин мексикалық боксшы Сауль Альвареспен жұдырықтасады. Осы жекпе-жекте Альварес GGG-дің тек екі атағы - WBA мен IBF белбеулері үшін ғана таласады. Головкин ұтылып қалса, оның тағы екі белбеуі - WBC мен IBO бос қалып, оны басқа боксшылар өзара сарапқа салады. Ал қазақстандық боксшы жеңіске жетсе, төрт белбеуіне тағы The Ring журналының арнайы белбеуін қосып алады.

Аталған басылым оны арнайы Альварес үшін шығарған болатын. Уақыт айырмашылығына байланысты Қазақстанда жекпе-жектің тікелей көрсетілімі 17 қыркүйекте таңертең болады.

Соңғы жаңалықтар