«Канелодан» кейін Қазақстанға үлкен жекпе-жекті алып келетін шығармын - Головкин

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - WBA, WBC, IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин алдағы жекпе-жектен кейін Қазақстанда үлкен жекпе-жекті өткізуді жоспарлап отыр деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мен бұрынғыдай Қазақстанда үлкен жекпе-жекті өткізуді қалаймын. Ондай жекпе-жек өзіме де, еліме де керек. Жерлестерім үлкен жекпе-жекті көргісі келеді, үлкен боксшылардың келгенін қалайды. Енді, дәл қазір маған «Канелоға» қарсы жекпе-жекті өткізу керек. Алайда осы айқастан кейін Қазақстанға басқа бір жекпе-жекпен барып қалатын шығармын. Мен өз елімді, xалқымды сүйемін», - деді Головкин The Ring-ге берген сұxбатында.

Айта кетейік, жақында Геннадий Головкин мексикалық боксшы Сауль Альвареске қарсы жекпе-жектен кейін реванштың болатынын айтып қалды. Бұған дейін мексикалық боксшы Сауль «Канело» Альварестің промоутері Оскар Де Ла Хойя да GGG-ге қарсы алдағы жекпе-жекті бір рет емес, екі рет реваншпен қайта өткізуге болатынын мәлім етті. Ал америкалық бапкер Роберт Гарсия пікірінше, Головкин-Альварес трилогиясынан кейін GGG қыруар табыспен зейнетке шықса да болады. 

Соңғы жаңалықтар