«Канело»-GGG реваншы бойынша келіссөздер желтоқсанда басталады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мексикалық боксшы Сауль Альварестің (49-1-2, 34 КО) промоутері Оскар де ла Хойя қазақстандық Геннадий Головкинмен (37-0-1, 33 КО) өтуі мүмкін қарымта кездесуге қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Sports.kz.

«Бәрі жуырда болады. Біз келіссөздерді желтоқсан айында бастаймыз. Бұл «Канело» қалаған жекпе-жек болатыны анық», - деді Де ла Хойя BOXEO арнасына берген сұхбатында.

Қарымта жекпе-жек 5 мамыр немесе қыркүйек айында өтеді деп жоспарлануда.

 

Соңғы жаңалықтар