«Канело» бәсекеге қабілетсіз - БАҚ

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Boxingnews24.com журналисі Шон Джонс орта салмақ категориясындағы мексикалық боксшы Сауль Альварестің болашағына күмәнданатынын жеткізді. Бұл туралы Sports.kz хабарлайды.

«Орта дивизион «Канелло» сияқты бойшаң емес боксшы үшін қауіпті аумақ болып саналады. Оны Давид Лемьенің жәй ғана жақсартылған түрі десек те болады. Өзінен мықтырақ боксшылармен, мысалы Дэниэл Джейкобс, Джермалл Чарло немесе  Билли Джо Сондерстермен кездессе, Альварес бұл салмақ тобында бәсекеге қабілетсіз екенін түсінеді. Бұл жігіттер де Головкиннің қыркүйекте жасаған: көп шабуылдамай, джебтерді басымдылық ретінде пайдалану әдісін қолданады», - деп жазады Джонс.

Айта кетейік, «Канело» жекпе-жек алаңына  5 мамырда оралып, Генадий Головкинмен қарымта кездесуға шықпақ.

Соңғы жаңалықтар