«Канелло» Головкинмен жекпе-жектен кейін операция жасатты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Sports.com сайты Fightnights.com сайтына сілтеме жасай отырып, мексикандық боксшы Сауль Альварестің Геннадий Головкинмен жекпе-жекке дейінгі дайындық барысындағы қиындықтарын жазды.

«Канелло» Головкинмен жекпе-жектен бұрын жаттығу лагерінде оң қолынан жарақат алған. Альварес қарсыласымен Everlast MX-пен бірге Winning қолғабында қолғап түйістірді. Бұл қолғап қолды қосымша қорғау үшін көбікпен сіңдірілген және нарықта үздік тауарлардың бірі ретінде көпшіліктің көңілінен шықты. Осы жағдаймен таныс жандар Альварестің Головкинмен жекпе-жектен кейін артоскопиялық операцияда болғанын және оң қолындағы кейбір сүйек бөлшектерінің алынып тасталғанын айтады. Ал оның қайта қалпына келуіне, кем дегенде, алты апта уақыт қажет», -  деп жазады Fightnights.com

Альварес пен Головкин арасындағы жекпе-жек 16 қыркүйек күні Лас-Вегас қаласында өтіп, тең есепте аяқталған. Екі мықты екінші рет 5 мамыр күні қолғап түйістіреді деп күтілуде. 

Соңғы жаңалықтар