Қандай жағдайда қазақстандықтарға автосақтандыру қажет емес

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Жоғарғы соты жол-көлік оқиғасынан кейінгі автомобиль иесі мен зардап шегуші арасында туындайтын даулы мәселелерді түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қандай жағдайларда сақтандыру міндетті емес? Егер тұлға көлік құралын оның иесімен еңбек қарым-қатынасы негізінде немесе оның қасында болуымен басқаратын болса сақтандыру қажет емес. Мәселен, көлік компаниясының меншігінде бірнеше автомобиль болады. Ол пайдаланылатын әрбір көлік құралына жеке-жеке сақтандыру шартын жасасуы қажет. Және бұл сақтандыру аталған кәсіпорынның автокөлікті басқаратын кез келген жұмысшысына жарамды болады», - деді ҚР Жоғарғы сотының судьясы Альфия Савинова. Ол Бұл жайында  ҚР Жоғарғы сотының баспасөз хатшысы Болат Калянбековтің Фейсбуктегі парақшасында жариялаған видеода айтылды.

Судья екі көлік соқтығысып, соның салдарынан үшінші азаматқа зардап келетін болса, онда аталған азаматтың алдында екі көліктің иесі де жауап береді.

«Қалған барлық жағдайларда ынтымақты жауапкершілік болмайды. Көлік иелерінің бірі ғана жауап береді. Мәселен, ЖШС жүргізушісі жол-көлік оқиғасын жасайтын болса, онда шығынға аталған көлік құралының иесі, яғни серіктестік жауап береді», - деді ол.

Егер оның жауапкершілігі сақтандырылған болса, онда сақтандыру шығындарын сақтандырушы компания төлейді. Сондықтан да сот дау туындаған жағдайда жол-көлік оқиғасы кезінде көлік құралының иесі болды ма және оның жауапкершілігі сақтандырылған ба деп сұрайды.

Альфия Савинованың айтуынша, көлік құралы қауіптілігі жоғары деп саналады. Сондықтан егер көлік жаяу жүргіншіні қағып кететін болса, онда оның иесі кінәсіз болса да жауап береді.

Оның сөзіне қарағанда, 2016 жылы сақтандыру туралы қолданыстағы заңға өзгерістер енгізілген. Аталған өзгерістерге сәйкес, апатқа ұшыраған көлікті бағалау жұмыстарын сақтандыру компаниясы жүзеге асырады. Дегенмен, заңмен белгіленген 10 күндік мерзімнің ішінде сақтандыру компаниясы бағалау жүргізбесе, онда зардап шегуші тәуелсіз бағалаушының қызметіне жүгінуіне құқығы бар. Ал оның бағалауы сақтандырушы үшін міндетті болады және онымен дауласа алмайды және сақтандыру өтемақысын төлеуге міндетті.

Соңғы жаңалықтар