Ауа райы
Астана -1 °С
Алматы 2 °С
валюта бағамы
USD 332.21
EUR 391.74
RUB 5.57
CNY 50.08

Қанат Ислам желтоқсан айында тағы бір жекпе-жек өткізуі мүмкін

Қанат Ислам желтоқсан айында тағы бір жекпе-жек өткізуі мүмкін
2017 жылғы 13 қыркүйек 20:00 1584

АСТАНА. ҚазАҚпарат - WBA FedeCaribe тұжырымының чемпионы қазақстандық белгілі кәсіпқой боксшы Қанат Ислам желтоқсан айының ортасында тағы бір кездесу өткізуі мүмкін, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Бұл туралы боксшы Қазақстан Ұлттық арнасының «Таңшолпан» бағдарламасына берген сұхбатында мәлім етті.

«Жалпы, командамыздың жоспары бойынша желтоқсан айының ортасында тағы бір кездесу өткізу жоспарда бар. Оны промоутерлерім шешетін болады. Ұсыныс жасаған боксшылар да жеткілікті, мүмкін болса жаңа жылға дейін тағы бір керемет бокс кешін өткіземіз», - деп атап өтті Қанат Ислам.

Осы орайда айта кетейік, бүгін Исламның туған күні. Ол 1984 жылы 13 қыркүйекте Шыңжаң Ұйғыр автономиялы ауданы, Алтай аймағы, Қаба ауданында дүниеге келген.

Ол - әуесқой бокста жүргенде Қытай Халық Республикасының Ұлттық құрамасында Бейжің Олимпиадасы мен Чикагода өткен Әлем чемпионатының (2007) және Азия ойындарының (2006) қола жүлдегері атанған болатын. Қытайдың 10 дүркін чемпионы. Қанат Ислам тарихи Отанына 2010 жылы оралып, қазір кәсіпқой бокста, Нельсон промоутерлік клубы атынан шаршы алаңға шығып жүр. Қазірге дейін 25 жекпе-жек өткізіп, барлығында жеңіске жеткен. Соңғы жекпе-жегін 9 қыркүйек күні Астанада Брэндон Кукке қарсы өткізіп, техникалық нокаутпен жеңіске жеткен болатын.

 

 

Басты сөздер: Бокс, Спорт,
Қате таптыңыз ба? Белгілеп, CTRL+ENTER басыңыз

Пiкiрлер

  • 14.09.2017bekbol
    0
    Құтты болсын Канатікі дұрс бәрі өз жерімізде болган жаксы казкстан болсын бәрі ,брак өз жерімізде ұимдастырушы промутер аз, Орыстарда өз жеріне бокс ұмдастырады каиғаисысы да,Паветкинен бастап, Себебі өз жері бокс дамиды, Казакстанда ендi көп бокс ұмдастыру керек әңгіме ритингіде емес казактанда болу, Кәсiби бокс дамыту керек ,Паветкин барлык боксы тек өз жерінде болды,Біздін галобкинді өз жерімізде болудыру СПОНСОР керек, Баксерларды поисқа өзін келетіру керек,АЛмына промоутерлер кызығын көрет том лефлер евреи,касындагы екі немісті Олег Германдар,солар ертен акшасын алып әркімен бір төбелестірет,жеңілсе, КЛИЧКОНЫ сиякты тастаитта кетет,

Пікір қалдыру

Соңғы Пiкiрлер