Қанат Ислам жас боксшыларды «Қазақ» командасына шақырды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Кәсіпқой бокстан бірінші орта салмақ бойынша WBA Fedelatin, WBO Inter-Continental, UBC тұжырымы бойынша әлем чемпионы, жерлесіміз Қанат Ислам видеоүндеу жасап, қазақ боксшыларын командасына шақырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ол "Қазақ" командасына ауыр салмақтағы боксшымыз Руслан Мырсатаевтың да қосылғанын хабарлады. Қазір Руслан АҚШ-та Қанат Исламмен бірге бір залда жаттығу жасауда.

«Міне бүгін Kazakh team командасына Руслан Мырсатаев келіп қосылды. АҚШ-тағы ортамыз тағы бір қазаққа көбейді. Америкадағы  Kazakh team командасы қазақтарды әлемге танытуды мақсат етіп отыр. Қазақтың жастары, қазақтың батырлары келіңдер, біздің командаға қосылыңдар! Қазақтың туын бірге көтерейік, Алға Қазақстан!» - деді видео жолдауында Қанат Ислам.

Видеоны желіге Қанат Исламның ақпараттық көмекшісі Берік Сұлтан жүктеді.  

Естеріңізге сала кетейік, Қанат Ислам 17 ақпанда бразилиялық Робсон Ассиспен жұдырықтасады. Қазір қызу дайындалып жатыр. Жекпе-жекті "Қазақстан" арнасы тікелей эфирден көрсетеді деп жоспарлануда.

Соңғы жаңалықтар