Қанат Ислам жанкүйерлерімен кездеседі

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Белгілі қазақстандық кәсіпқой боксшы Қанат Ислам жанкүйерлерімен кездесу өткізеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл туралы спортшының PR менеджері Берік Сұлтан өзінің Фейсбук парақшасында жазды.

«Құрметті жанкүйерлер, Алматы тұрғындары мен қонақтары! Ертең Алматы қаласында Розыбакиев көшесіндегі «MEGA ALMA-ATA»-ның 1 қабатында əлемге əйгілі UNDER ARMOUR спорттық дүкені ашылады. Ашылу құрметіне орай, Қанат Ислам сағат жанкүйерлерімен сол жерде жүздеседі. Суретке түсіп, қолтаңба алғыңыз келсе біз сіздерді күтеміз. 26 желтоқсан, сағат 19:00-де кездескенше», - деп жазды ол.

Естеріңізге сала кетейік, Қанат Ислам соңғы кездесуін 9 қыркүйек күні елордамыз Астана қаласында өткізіп, канадалық Брэндон Кукты (18-1, 11 КО) тоғызыншы раундта техникалық нокаутпен жеңді. Осылайша отандасымыз WBO NABO және WBA Inter-Continental белбеулерін сақтап қалды.

Соңғы жаңалықтар