Қанат Ислам WBO рейтингінің үздік үштігінен шығып қалды

None
None
 АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүкіләлемдік бокс ұйымының (WBO) жаңартылған рейтингі шықты, деп хабарлайды Sports.kz.

Рейтингтегі орта салмақта WBO NABO белдіктерін иеленген Қазақстанның жалғыз өкілі Қанат Ислам (25-0, 20 КО)  мұның алдындағы жариялымнан екі саты төмен сырғыған.

Енді біздің боксшымыз төртінші орында тұрақтады. Двизиондағы алғашқы үш орынды британиялық Лиам Смит, австралиялық боксшы Деннис Хоган және Тұманды Альбионның тағы бір өкілі Джимми Келли еншіледі.

Айта кетсек, Ислам соңғы рет рингке 9 қыркүйекте Астанада шығып, тоғызыншы раундта канадалық Брэндон Кукты (19-1, 12 КО) техникалық нокаутпен жеңген еді. 

 

Соңғы жаңалықтар