Канат Ислам WBO рейтингінде ТОП-5-тен түсіп қалды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - WBO жасаған рейтингтің жаңартылған нұсқасы жарияланды, деп хабарлайды Sports.kz.

Алғашқы орта салмақтағы WBO NABO титулының иегері, өткен айда төртінші орында тұрған Қанат Ислам жетінші сатыға бірақ түсті. Оның орнына 5 мамыр күні Головкиннің қарсыласы ретінде қарастырылған мексикалық спортшы Хайме Мунгуя жайғасты.

Алғашқы үштікте Лиам Смит (Ұлыбритания), Деннис Хоган (Австралия) және Джулиан Уильямс (АҚШ) тұр.

Спорттық жолын аяқтаған Жанат Жақиянов жеңіл салмақта ТОП-15 тізімін қорытындылайды.

Соңғы жаңалықтар