Қанат Ислам WBO рейтингінде екінші орынға көтерілді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық кәсіпқой боксшы Қанат Ислам Бүкіләлемдік бокс кеңесінің (WBO) жаңартылған рейтингінде бір саты жоғары көтерілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

WBO жаңартылған рейтингінде британдық Лиам Смит көш бастап тұр. Ал бірінші орта салмақта WBO NABO және WBA Inter-Continental нұсқалары бойынша әлем чемпионы Қанат Ислам (25-0, 20 КО) бір саты жоғары көтеріліп, екінші орынға жайғасты. Үшінші орында WBO (International) белбеуінің иегері, ресейлік боксшы Магомед Кубонов тұр.

Еске салайық, Қанат Ислам соңғы кездесуін 9 қыркүйек күні елордамыз Астана қаласында өткізіп, канадалық Брэндон Кукты (18-1, 11 КО) тоғызыншы раундта техникалық нокаутпен жеңді. Осылайша отандасымыз WBO NABO және WBA Inter-Continental белбеулерін сақтап қалды.

Соңғы жаңалықтар