Қанат Ислам WBA рейтингінде көш бастады

None
None
АСТАНА.ҚазАқпарат - Қазақстандық кәсіпқой боксшы Қанат Ислам (25-0-0, 20 КО) өз салмақ дәрежесі бойынша Дүниежүзілік бокс қауымдастығының (WBA) жаңартылған рейтингінде көш бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бірінші орта салмақтағы Қанат Ислам WBA рейтингінде бір сатыға көтеріліп, бірінші орынға жайғасты.

Ал бірінші ауыр салмақтағы отандасымыз Иса Ақбербаев (19-0-0,12 КО) және жартылай орта салмақтағы Жанқош Тұраров (22-0-0, 15 КО) 10-орыннан көрінді. Соңғы жекпе-жегінде жеңіліс тапқан жеңіл салмақтағы отандасымыз Жанат Жақиянов (27-2-0, 18 КО) болса 5- орынға жайғасты.

Айта кетейік, Қанат Ислам соңғы жекпе-жегін 9 қыркүйек күні өткізіп, канадалық Брэндон Кукты 9-раундта нокаутпен жеңді. Ол WBA Inter-Continental және WBO NABO белдіктерін сәтті қорғап қалды.

Соңғы жаңалықтар