Қанат Ислам үшін Аллотей проблема емес - Григорий Стангрит

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 29 қазанда Алматыда бокс кеші өтеді. Оның маңызды оқиғасы қазақстандық Қанат Ислам мен ганалық боксшы Патрик Аллотеймен кездесу болмақ.

Sports.kz боксшылардың мүмкіндіктері жайлы белгілі ресейлік сарапшы Григорий Стангриттен сұрады.

- Қанат Ислам жақын арада Патрик Аллотеймен кездесу өткізеді. Мүмкіндікті бағалаңыз және Сіз Қанаттың қарсыласы туралы не білесіз?

- Патрик Аллотей - маған аса таныс емес боксшы, алайда оның маған таныс Патрик Тейшейр мен Чарльз Маньючиден жеңілгеніне қарағанда, ол Ислам үшін проблема тудырмайды.  Әсіресе, Қанат 100% пайыз дайын болса.

- Ислам кәсіби шаршы алаңда жақсы өнер көрсетіп жүр. Алайда ол көзге көрінбей тұр, үлкен жекпе-жектердің ауылы алыс. Ол үшін не керек деп ойлайсыз?

- Оған ресурстары мен байланыстары бар промоутер қажет.

Аталған шара сағат 18:00 басталады деп жоспарланған. «Қазақстан» телеарнасында тікелей көрсетілім болады. 

Соңғы жаңалықтар