Қанат Ислам мен Патрик Аллотейдің салмақтары белгілі болды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Қанат Ислам мен Патрик Аллотей салмақ өлшеу рәсіміне қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қанат Ислам мен Патрик Аллотейдің салмағы бірдей - 68 келі.

Салмақ өлшеу рәсімінде Қанатты «бауыздаймын» деп, мойнын саусағымен тіліп, белгі көрсеткен Аллотейге Қанат сабырлылық таныта білді.

Айта кетейік, Қазанның 29-ындағы кездесуде жеңіске жеткен боксшы супер орта салмақта (69 кг - ред) WBO (Әлемдік бокс ұйымы) тұжырымы бойынша құрлықаралық чемпион және IBO (Халықаралық бокс ұйымы) тұжырымы бойынша халықаралық чемпион атағын алады. Ал Қанат Ислам WBA Fedelatin нұсқасы бойынша Америка аймағы чемпионы атағын қорғауы тиіс.

Бұған дейінгі кездесуде сұхбат берген жекпе-жек демеушісі Бауыржан Оспанов: «Қанат Ислам қазір WBC (Әлемдік бокс кеңесі) рейтингінде 5-орында тұр. Егер Аллотейді жеңсе, рейтингте үздік үштікке енеді. Бұл рейтинг Қанат Исламға кез келген уақытта әлем чемпионы атағына таласуына мүмкіндік береді»,  деген болатын.

Қанат Ислам мен Патрик Аллотейдің салмақ өлшеу рәсімі «Mega park» сауда ойын-сауық орталығында өтті.

Еске сала кетейік, Қанат Ислам мен Патрик Аллотей арасындағы жекпе-жек 29 қазан күні Алматыда «Алматы арена» спорт кешенінде өтеді.



null null null 

Соңғы жаңалықтар