Қанат Ислам мен Патрик Аллотейдің салмақ өлшеу рәсімінде боксшылар төбелесіп қала жаздады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Қанат Ислам мен Патрик Аллотейдің салмақ өлшеу рәсімінде 29 қазанда Алматы арена сарайында өтетін спорт кешінде жекпе жекке шығатын боксшылар да салмақ өлшеді. Салмақ өлшеу рәсімінде ганалық боксшы Айзак Ари қазақстандық боксшы Жанқош Тұраровқа доқ көрсетіп, кеңірдегіне жармасты. Бұған жұдырығын ала жүгірген Жанқошты ұйымастырушылар дер кезінде тоқтатты. Шетелдік боксшылар мұнымен шектеліп қалған жоқ, Жәнібек Әлімхановпен қолғап түйістіретін АҚШ боксшысы Милтон Нунезде отандасымызға жұдырығын ала жүгірді. Олардың бұл қылығын Қанаттың жаттықтырушысы Лопез тоқтатып, олай жасауға болмайтынын ескертті.

Залдан: «Жігіттер, бүгін сабыр сақтап, ертең аямаңдар!» деген айқай естіліп жатты.

Еске сала кетейік, Қанат Ислам мен Патрик Аллотей арасындағы жекпе-жек 29 қазан күні Алматыда «Алматы арена» спорт кешенінде өтеді.

 Бұл күні Қанат Исламнан бөлек, Жәнібек Әлімханұлы,  Жанқош Тұраров, Руслан Мырсатаев, Али Ахметов, Айдар Шәрібаев, Айдос Ербосынұлының кәсіби бокстағы айқастарын тамашалайтын боламыз.

Соңғы жаңалықтар