Қанат Ислам: Мен қарсыластарыма өзімнің дайын екенімді көрсеттім

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бірінші орта салмақтағы WBO NABO және Inter-Continental, WBA Fedelatin және Inter-Continental титулының иегері Қанат Ислам бүгін Астанада өткен баспасөз мәслихатында алдағы үлкен жекпе-жектерге дайын екендігін жеткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Соңғы жекпе-жекте 12 раунд бойы неге отырып дем алмағаны туралы айта кетті. «Бұл жекпе-жекте менің дайын екенімді барлық қарсыластарым көрді. Бокста 12 раундқа дайын адам кез келген қарсыласпен шыға алады. Кейбір боксшылар ауыр соққыдан емес, шаршағандықтан құлап қалып жатады. Ал мен шаршамасам неге отырып дем алуым керек? Бұл бір жағынан менің жаттықтырушыларымның тактикасы, енді бір жағынан рингтегі қарсыласым және басқа қарсыластарымның жүректеріне үрей салу, өзімнің дайын екенімді көрсету»,- деп түсіндірді Қанат.

Айта кетейік, Қазақстандық боксшы Астанадағы ЭКСПО-2017 көрмесі аясында 9 қыркүйекте кезекті жекпе-жегін өткізуді жоспарлап отыр. Оның келесі қарсыласы - АҚШ боксшысы Джеймс Киркленд болуы мүмкін.

Еске сала кетейік, Қанат Ислам 27 мамыр күні АҚШ-тың Флорида қаласында өткен кезекті жекпе-жегінде Норберто Гонсалеспен 12 раунд бойы жұдырықтасып, ұпай санымен жеңіске жетті. Отандасымыз 12 раунд бойы аралық үзілісте отырып дем алмай, алдағы үлкен жекпе-жекке дайын екенін көрсетті.

Соңғы жаңалықтар