Қанат Ислам ешқашан жеңілмеген боксшылармен айқасып көрген жоқ

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық боксшы Қанат Исламның (23-0, 19 КО) спорттық жолында ешкімнен жеңіліп көрмеген қарсылас болған жоқ, деп жазды Sports.kz.

Қанат Исламның қарсыластары арасында колумбиялық Франсиско Кордеро (29-2) мен ганалық Патрик Аллотей (34-2) ең үздік статистикаға ие.

Қазақстандық боксшы өзінің келесі жекпе-жегін 26 мамыр күні  Бока-Ратонда (АҚШ, Флорида штаты) өткізеді. Оның кезекті қарсыласы 35 жастағы мексикалық Норберто Гонсалес (23-8, 13 КО) болмақ.

Соңғы жаңалықтар