Қанат Ислам Boxrec рейтингінде екі саты жоғарылады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақ кәсіпқой боксшысы Қанат Ислам жаңарған Boxrec рейтингінде екі саты жоғарылап, 11-орынға көтерілді, деп жазады Массагет.кз.

Рейтингте бірінші орта салмақтағы боксшылар арасында америкалық Эрисланди Лара көш бастап тұр. Екінші орынға екінші бір америкалық боксшы Джермелл Чарло орналасқан. Үштікті пуэрто-рикалық Мигель Котто түйіндеп тұр.

Қанат Ислам соңғы жекпе-жегін 9 қыркүйек Астана қаласында Брэндон Кукке қарсы өткізіп, 9-раундта техникалық нокаутпен жеңіске жеткен болатын. Сөйтіп, отандасымыз бірінші орта салмақтағы WBO, NABO және WBA Inter-Continental чемпиондық белбеулерін қорғап қалған еді.

Айта кетейік, жаңарған рейтингте Жанат Жақиянов Райан Барнеттен жеңілгеннен кейін 8 орын төмен сырғып, 21-ші орынға тұрақтады. 

Соңғы жаңалықтар