Қанат Бозымбаев көлік жүргізушілерін сараң болмауға шақырды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаев алыс сапарға шығатын жүргізушілерді аязды күндері дизельді отын таңдауға жауапкершілікпен қарауға шақырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Егер аязды уақытта көлік өшіп қалса, бұл отынның сапасыздығын білдірмейді. Дизельдік отынды климаттық жағдайға қарай қолдану керек. Егер жүргізуші Шымкент мұнай өңдеу зауытынан шыққан дизельді отынды сатып алса, 25 градустан төмен температурада ешқайда, әсіресе солтүстікке шықпауы керек. Сараңдық етудің қажеті жоқ, минус 40 градусқа дейін төтеп беретін «арктиканы» құю керек», - деді министр ҚР Үкіметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта Қазақстанда К4, К5 класының сапалы отындары шығарылады. Биылдан бастап, К2 отынын өндіруге тыйым салынды. Министр бұл отынның қалдықтары сәуір-мамыр айларында бітетінін айтты.

Сондай-ақ, Қанат Бозымбаев Энергетика министрлігінің жанармай құю бекеттерінде сатылатын отын сапасы үшін жауап бермейтінін баса айтты.

Соңғы жаңалықтар