Канадалық лотереядан $49 млн ұтты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 60 млн Канада доллары ($49 млн) көлеміндегі ұтысы бар лотерея билеті Канаданың орталық провинцияларының біріндегі Lotto Max ұлттық лотереясында сатылған. 

Бұл туралы Atlantic Lottery қауымдастығының өкілдері хабарлады.

Қазіргі таңда белгілі болғандай, бұл лотереяны Манитоба, Саскачеван немесе Альберта провинциясы тұрғындарының бірі сатып алуы мүмкін. «Сәйкес нөмірлер - 2, 10, 37, 38, 39, 43, 47. Бонус-сан - 28», - деп нақтылады ұйымдастырушылар.

Бұдан бөлек, тағы 15 қатысушының әрқайсысы 1 млн Канада доллары көлеміндегі ($810 мың) «қосымша сыйлықтарды» жеңіп алған. Бұл билеттер Квебек, Онтарио, Манитоба, Саскачеван және Альберта провинцияларында жүзеге асырылды. 

Соңғы жаңалықтар