Канадада пойыз бен спирт автоцистернасы соқтығысып, алапат өрт болды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Канаданың батысында пойыз бен спирт тасымалдайтын жүк көлігінің соқтығысуы алапат өртке себеп болды. Бұл жайлы СВС арнасы хабарлайды.

Оқыс оқиға кеше Порт-Кокитлам қаласында, CN көлік компаниясы депосының аумағында болған. Полицияның алдын ала мәліметтері бойынша ешкім зардап шекпеген. Бірақ әлеуметтік желіде таралған видеодан автоцистерна және пойыздың бірнеше вагоны өрт құшағында қалғаны анық көрінеді.

CN компаниясы өкілдері жүк пойызында улы химиялық заттар болмағанын мәлімдеді. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында оқиға орнынан 1 шақырым радиуста орналасқан тұрғын үйлердің тұрғындары қауіпсіз жерге көшірілді.

Соңғы жаңалықтар